Аршалы аудандық мәслихатының экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық - инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының № 3 қаулысы

Аршалы ауданының азаматтарды

әлеуметтік қолдау жөніндегі

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің жұмысы туралы 

 

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес, экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы С.К. Игенбаевтың «Аршалы ауданының азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы С. К. Игенбаевқа ұсынылсын:

- әзірленген және бекітілген бағдарламаларға сәйкес халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмысты жалғастыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық - инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Комиссия төрайымы                                                                             А.Глебова

Дата публикации
12 мая 2022