Аршалы аудандық мәслихатының экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының № 1 қаулысы

Жылыту, сумен жабдықтау

мәселелері бойынша

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі бөлімі»  ММ

басшысының есебі 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес экономика, бюджет, Аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары Ғабдолла Қаржубайұлы Ахметжановтың ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Ғ.Қ. Ахметжановқа ұсынылсын.

- Аршалы кентіндегі су құбыры желілерін жөндеуді сапалы және уақтылы аяқтау;

- Аршалы кентінің су құбырларын ағымдағы жөндеуге 2022 жылы бөлінген 100 млн. теңге бюджет қаражатының мақсатсыз тікелей жұмсалуына жол бермеу;

- Аршалы кентіндегі көп қабатты тұрғын үйлерді № 1 орталық қазандыққа қосу бойынша жұмысты жалғастыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін. 

 

Комиссия төрайымы                                                                       Глебова А.Н.

Дата публикации
29 марта 2022