Экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысының № 9 қаулысы

2022 жылға арналған экономика,

бюджет, аграрлық мәселелер

және индустриялық-инновациялық даму

мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның

жұмыс жоспары туралы 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 14, 15-баптарына сәйкес экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2022 жылға арналған экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық – инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмыс жоспары қабылдансын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық – инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  

Комиссия төрағасының орынбасары                                                 Г.Ахимова

Дата публикации
24 декабря 2021