Экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының № 7 қаулысы

Ауданның құрылыс бөлімі

бойынша 2021 жылдың 7 айында

атқарылған жұмыстар және бюджет

қаражатының игерілуі туралы есеп 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14, 15 - баптарына сәйкес,  экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Аршалы ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысы Г.Қ. Махаеваның «Ауданның құрылыс бөлімі бойынша 2021 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстар және бюджет қаражатының игерілуі туралы есеп» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының құрылыс бөлімі» ММ ұсынылсын:

-  бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуіне жеке жауапкершілікті арттыру, нысаналы трансферттердің сапалы игерілуіне ерекше назар аудару.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

  

Комиссия төрайымы                                                                               А. Глебова

 

 

Дата публикации
17 августа 2021