Экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының № 5 қаулысы

Аршалы ауданының мал шаруашылығы

кешендерінің жағдайы және оларды

одан әрі дамыту туралы 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14, 15 - баптарына сәйкес,  экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Р.М. Мусиновтың Аршалы ауданының мал шаруашылығы кешендерінің жағдайы және оларды одан әрі дамыту туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы Р. М. Мусиновқа ұсынылсын.:

- ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының санын одан әрі арттыру, мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі бойынша жұмысты қоса беру;

- ауыл шаруашылығының жаңа және басқа да перспективалы бағыттарын дамытуға субсидия алу үшін қолайлы климат пен жағдайлар жасау;

- мал шаруашылығы саласын дамыту бағдарламаларының жоспарлы көрсеткіштерін орындау бойынша жұмысты жандандыру;

- Аршалы ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасына енгізілген ауыл шаруашылығы жобаларының уақытылы жүзеге асырылуына тұрақты түрде бақылау жүргізу.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

  

Комиссия төрағасы                                                                             А. Байғожин

Дата публикации
29 апреля 2021