Экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысының № 2 қаулысы

Қазақстан Республикасы Президентінің

2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп

беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес

жүктелген функциялар мен міндеттерді

орындау бойынша Ижев ауылдық округі

әкімінің есебі туралы 

           

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 желтоқсандағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14, 15 баптарына сәйкес бюджет, қаржы, әлеуметтік - экономикалық даму, экология және ардагерлермен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ижев ауылдық округінің әкімі Дмитрий Николаевич Черновтың ақпараты назарға алынсын.
  2. Ижев ауылдық округінің әкіміне елді мекеннің көшелерін жарықтандыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

  

Комиссия төрайымының орынбасары                                               А. Тоқбаев

 

Дата публикации
17 марта 2021