Аршалы ауданы елді мекендерінің
газ құбырын салу және олардан тармақтау
жөніндегі жұмыстардың орындалу барысы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14,15 баптарына сәйкес экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А.Б. Таласбаевтың, «Аршалы кентіндегі АГТС (автоматты газ тарату станциясы) құрылысы» жобасының басшысы Бекжан Оңдасынұлы Мысықбаевтың ақпараты назарға алынсын.
- «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы А.Б. Таласбаевқа тұрғын үй ауласының кіреберіс бөлігіндегі құбырлардың диаметрі мен арка биіктігіне есеп жасау, газ құбырын тұрғын үйге қосуға өтініш беру бойынша аудан тұрғындарына түсініктеме беру ұсынылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Комиссия төрағасы А. Байғожин