Әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі Аршалы аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының № 5 қаулысы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі жұмыс туралы

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының  14,15 баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын орындау жөніндегі жұмыс туралы» бойынша «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ заң қызметінің басшысы Г. С. Есенгартованың ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ заң қызметінің басшысы Г.С. Есенгартоваға ұсынылсын:

 - Аршалы ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған қажетті шараларды қабылдау;

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызметшілерге этикалық талаптарды сақтау мәселелерінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды іске асыруды жалғастыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. 

 

Комиссия төрайымы                                                                       И. Слободянюк

Дата публикации
19 августа 2022