Әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия отырысының № 4 қаулысы

Аршалы аудандық

мәслихатының депутаты

Тоқбаев Алтынбек

Әлібекұлының тәртібі туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Тоқбаев Алтынбек Әлібекұлының ақпараты назарға алынсын.
  2. Тоқбаев Алтынбек Әлібекұлына ар-намысы мен абыройын қорғау үшін сотқа жүгіну ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

Комиссия төрайымы                                                             И.А. Слободянюк

Дата публикации
21 июня 2022