Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 12/5 «Аршалы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының «Аршалы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2017 жылғы 10 ақпандағы № 12/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

         көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

         «Аршалы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;

көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес,Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;

         көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. Аршалы ауданында мүгедектігі бар балалар  қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;

         көрсетілген шешімнің 2-тармағы алып тасталсын;

         көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 ақпандағы № 12/5 «Аршалы ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқу жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Дата публикации
30 ноября 2022