Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына сайлансын:

№ 133 учаскелік сайлау комиссиясы

         Имашев Азамат Русланұлы, 1991 жылы 08 желтоқсанда туған, «Аршалы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК мамандандырылған көмек бөлімінің меңгерушісі, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Аршалы аудандық филиалынан;

         Бургегулова Гульнар Тұрғынбайқызы, 1972 жылы 07 наурызда туған, «Аршалы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК аудармашысы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

         Сокирко Мария Валентиновна, 1985 жылы 15 қаңтарда туған, «Аршалы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК емханасының аға мейіргері, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 134 учаскелік сайлау комиссиясы

 

         Золотарева Полина Сергеевна, 2022 жылы 28 шілдеде туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 140 учаскелік сайлау комиссиясы

         Криницына Тамара Олеговна, 1993 жылы 24 шілдеде туған, «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ хатшысы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

         Оспанова Кулбаршин Камзеевна, 1967 жылы 19 мамырда туған, «Ақмола облысы Білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Түрген ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Ақмола облыстық филиалынан;

№ 141 учаскелік сайлау комиссиясы

         Астахова Камила Петровна, 1994 жылы 20 тамызда туған, «Түрген ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бухгалтері; «AMANAT» партиясының Аршалы аумақтық филиалынан;

         Зайцева Инна Владимировна, 1971 жылы 21 маусымда туған, «Ақмола облысы Білім басқармасының Аршалы аудандық білім бөлімінің жанындағы «Василек» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан;

         Курбанова Наргиз Ибрагим-қызы, 1965 жылы 01 қаңтарда туған, , өзін-өзі жұмыспен қамтыған, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 153 учаскелік сайлау комиссиясы

         Жангожаева Нұршат Майлыбайқызы, 1988 жылы 22 ақпанда туған, «Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Волгодоновка ауылдық кітапханасының кітапханашысы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;      

№ 154 учаскелік сайлау комиссиясы

         Агубаева Зарина Ержанқызы, 1993 жылы 17 шілдеде туған, «Аршалы ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау жөніндегі инспекторы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 158 учаскелік сайлау комиссиясы

         Кусниденов Дастан Запышевич, 1961 жылы 10 тамызда туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, «Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Аршалы аудандық филиалынан;

         Струминская Алла Николаевна, 1986 жылы 28 қыркүйекте туған, «Ақмола облысы Білім басқармасы Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Жібек жолы жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологы, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан;

         Алтынбекова Куланда Жамандыққызы, 1955 жылы 01 қазанда туған, зейнеткер, «Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ Аршалы аудандық филиалынан;

№ 159 учаскелік сайлау комиссиясы

         Дауыл Елік, 1994 жылы 01 қарашада туған, «Әдемім-2» ЖШС хатшысы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

         Ошакбаева Шынар Шакиртаевна, 1982 жылы 02 ақпанда туған, «Балапан», ЖШС логопеді, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихатының хатшысы                                                  Е. Қазбеков

 

 

 

 

О внесении изменений в решение Аршалынского районного маслихата от 14 января 2019 года № 35/3 «Об избрании членов участковых избирательных комиссий Аршалынского района»
Дата публикации
13 сентября 2022