«Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-инспекторы Амангельдинов Амангелді Қуандықұлының Аршалы ауданын газдандыру барысы туралы ақпаратын тыңдап және талқылай отырып, Аршалы аудандық мәслихаты ауданда 2020 жылдан бастап он жеті елді мекенді газдандыру бойынша 10 жоба іске асырылып жатқанын атап өтті.
Жұмысты үш мердігер ұйым жүзеге асырады.
Бүгінгі таңда «АГТС (автоматты газ тарату станциясы) құрылысы» жобасы бойынша жұмыстар аяқталды.
Турген, Донецкое, Ақбұлақ, Ақтасты, Анар, Аршалы (бірінші іске қосу кешені) аудандарының алты елді мекендерінде магистральдық желілер қосылған және газбен толтырылған.
Аудандарының он елді мекендерінде Бірсуат, Байдалы, Ижев, Шептікөл, Бабатай, Арнасай, Волгодон, 42-Разъезд, Қойгелді, Жалтыркөлде магистральдық желілер қосылған, бірақ газбен толтырылмаған.
Жібек жолы ауылында магистральдық желілерді монтаждау жүргізілуде, пайдалануға беру мерзімі 2023 жылғы қазанға жоспарланған.
Аршалы кентінде газ құбырын салу және тармақтау жобасы 2022 жылдың соңына дейін есептелген, газ құбырын төсеу орындарын престеу, қалпына келтіру және абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихатының хатшысы Е.Қазбеков