Аршалы ауданының коммуналдық шаруашылығының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы И.М. Ратушняктың Аршалы ауданының коммуналдық шаруашылығының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындау туралы ақпаратын тыңдап және талқылап, аудандық мәслихат Аршалы ауданының тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын жылу беру маусымына дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Аршалы ауданы бойынша 70 қазандық қондырғылары бар, олар 34 білім беру, 18 денсаулық сақтау, 13 әлеуметтік нысандар мен 5 тұрғын үйге қызмет көрсетеді. 4 қазандық «Аршалы Су-2030» ШЖҚ МКК сенімді басқаруында. Білім беру объектілерінің 34 қазандық қондырғылары «Аршалы жылу тарату компаниясы»ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілді.

Аршалы ауданы бойынша жылу беру маусымына көмірдің жылдық қажеттілігі 22 170 тоннаны құрайды, оның ішінде білім беру объектілеріне 11 000 тонна, мәдениет объектілеріне 1 020 тонна, денсаулық сақтау объектілеріне 550 тонна, көп қабатты тұрғын үйлерге 9 600 тонна.

Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында облыстық бюджеттен «Аршалы Су-2030» ШЖҚ МКК сенімді басқаруындағы қазандықтарға ағымдағы жөндеу жүргізуге 143 миллион теңге бөлінді.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы И.М. Ратушняктың Аршалы ауданының коммуналдық шаруашылығының қысқы кезеңде жұмысқа дайындығы туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы И.М. Ратушнякқа ұсынылсын:

қазандықтар мен жылыту жүйелерінің жоспарланған жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау, қысқы жағдайда үздіксіз жұмыс істеу үшін ең көп отын қорын құру;

алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатыныңхатшысы      Е.Қазбеков

 

Аршалы ауданының коммуналдық шаруашылығының қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығы туралы
Дата публикации
27 августа 2022