«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына,Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Ақмола облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2022 жылғы 23 маусымдағы қорытындысына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1.1.Волгодонов ауылдық округі бойынша:
1) Волгодонов ауылдық округін Елтоқ ауылдық округіне;
2) Волгодонов ауылын Елтоқ ауылына.
1.2.Анар ауылдық округі бойынша:
1) Донецкое ауылы Анаркөл ауылына.
Аршалы ауданының әкімі М.Балпан
Аудандық мәслихатының хатшысы Е. Қазбеков