Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 10 018 249,1 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 732 939,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 27 416,7мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 118 300,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 8 139 593,4 мың теңге;
2) шығындар – 10 412 962,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 132 138,0мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 202 158,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 70 020,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 41 143,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 41 143,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 567 994,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 567 994,6 мың теңге.»;
7 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«7. 2022 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 4 295,9 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1,6қосымшалары осы шешімнің 1, 2қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Аудандық мәслихатының хатшысы Е. Қазбеков