Жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXIХ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXIХ сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер бекітілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 18/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы ауданының елді мекендер атауларын қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының хатшысы       Е.Қазбеков

 

Жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXIХ сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
24 августа 2022