Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 38/16 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 03 маусымдағы № А-135, 2022 жылғы 12 шілдедегі № А-159 «Аршалы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 25 мамырдағы № А-219 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағымемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулыларына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 38/16 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының

хатшысы                                                                                               Е.Қазбеков

 

 

Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 38/16 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
26 июля 2022