Жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVIII сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVIII сессиясының күн тәртібінде келесі мәселелер бекітілсін:

1) Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының бекітілген бас жоспарының құрамында Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Жібек жолы ауылы мекенжайы бойынша орналасқан 3,0 га жер учаскесіне жақын орналасқан аумақты жайластыруға арналған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕТЖЖ) бекіту туралы;

2) Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылының бекітілген бас жоспарының құрамында Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылы, 1-шағын аудан мекенжайы бойынша орналасқан, дүкен мен жеті тұрғын үй салуға арналған 0,75 га жер учаскесіне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕТЖЖ) бекіту туралы;

3) Аршалы ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібін бекіту туралы;

4) Аршалы ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 наурыздағы № 38/16 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 маусымдағы № 9/6 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

 

7) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының

хатшысы                                      Е.Қазбеков

 

 

Жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVIII сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
26 июля 2022