Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/10 «Аршалы ауданының бюджет комиссиясын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Аршалы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № А-206, 2022 жылғы 25 мамырдағы № А-125, 2022 жылғы 8 маусымдағы № А-142 «Аршалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № А-357» Аршалы ауданының бюджет комиссиясы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулыларына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/10 «Аршалы ауданының бюджет комиссиясын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аршалы аудандық мәслихаты

хатшысының міндетін атқарушы                                          И. Слободянюк      

 

Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/10 «Аршалы ауданының бюджет комиссиясын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
20 июня 2022