«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № А-138 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанынан мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссия құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 61/5 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының хатшысы Е.Қазбеков