Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы террорлыққа қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № А-121 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанынан террорлыққа қарсы комиссия құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы террорлыққа қарсы комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 қыркүйектегі № 43/4 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы террорлыққа қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының хатшысы                             Е.Қазбеков

 

 

 

Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы террорлыққа қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы
Дата публикации
10 июня 2022