Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 20 мамырдағы № А-122 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 41/6 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихатының хатшысы Е.Қазбеков