Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 36/4 «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамынбекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Аршалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № А-132 «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия құру туралы «Аршалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 21 қаңтардағы № А-21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 36/4 «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының

хатшысы                                Е.Қазбеков

 

 

Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 36/4 «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамынбекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
10 июня 2022