Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 18/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 18/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26039болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 983 239,4 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 714 939,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 407,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 118 300,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 8 139 593,4 мың теңге;

2) шығындар – 10 377 953,0 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 132 138,0мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 202 158,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 70 020,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 41 143,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 41 143,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 567 994,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 567 994,6 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2022жылдың 1 қаңтарданбастапқолданысқаенгізіледі.
Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 18/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
10 июня 2022