Жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезектен тысXXVI сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жетінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының кезекті XXVI сессиясының күн тәртібі келесі мәселелерді қамтиды деп бекітілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 18/2 «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2)Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/7 «Аршалы ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 ақпандағы № 36/4 «Аршалы ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/5 «Өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 26/7 «Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияны бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы;

 

7) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы террорлыққа қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;

8) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;

9) Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі консультативтік кеңесті бекіту туралы;

10) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 маусымдағы № 41/4 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

11) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 тамыздағы № 42/5 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

12) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 25 ақпандағы № 21/3 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының хатшысы               Е.Қазбеков

 

 

 

 

 

Дата публикации
10 июня 2022