Аршалы ауданы әкімі орынбасарының 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебін тыңдап және талқылай отырып, аудандық мәслихат атқарушы органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтеді.
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 108,2% - ға орындалды, бұл меншік кірістерінің жоспарын асыра орындау есебінен қол жеткізілді. 2021 жылы меншікті кірістер түсімі 1 897,4 млн.теңгені немесе жоспар 108,5% құрады. 2020 жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 186,9 млн.теңгеге ұлғайды, салықтық емес түсімдер 1,4 млн. теңгеге ұлғайды, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 170,8 млн. теңгеге азайды.
Бюджеттің шығыс бөлігі 98,0% - ға орындалды. 2021 жылы игерілмеген қаражат сомасы 218,6 млн.теңгені құрады.
Әсіресе игерілмеудің үлкен сомасы «Аршалы ауданының құрылыс бөлімі» ММ (183,6 млн.теңге), «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (33,4 млн. теңге) бойынша жіберілді.
Ауданға республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттер толық көлемде игерілмеген.
2021 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы трансферттердің игерілмеуі 216,3 мың теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет – 213,8 млн.теңге.
2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл басымен салыстырғанда дебиторлық берешектің 14,5 млн.теңге сомасына ұлғаюы және кредиторлық берешектің 28,3 млн. теңгеге ұлғаюы байқалады.
Аудан бюджетін атқару кезінде көрсетілген кемшіліктердің болуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан жұмыстың тиісінше ұйымдастырылмағанын айғақтайды.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 132-бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихатШЕШТІ:
1.Аршалы ауданы әкімі орынбасарының 2021 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі назарға алынсын.
1) кірістер – 10 986 628,2 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 1 754 436,8 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 12 385,5 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-130 617,5 мың теңге;
трансферттер түсімі-9 089 188,4 мың теңге;
2) шығындар-10 939 758,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу-127 846,6 мың теңге;
бюджеттік кредиттер-210 024,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 82 177,4 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 39 500,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу 39 500,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 120 476,8 мың теңге;
6)бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -
-120 476,8 мың теңге;
қарыздар түсімі - 210 024,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 56 192,4 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары -33 354,8 мың теңге;
анықтама:
қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары
362 166,3 мың теңге.
есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары
395 521,1 мың теңге.
7.Қаражатты толық игеру мақсатында Аршалы ауданының бюджетінен қаржыландырылатын мекемелердің шығыстардың жекелеген түрлері бойынша артық төлеуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдансын. Бюджеттік бағдарламаларды орындау кезінде қатаң қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етілсін, дебиторлық және кредиторлық берешектер қысқартылсын, оның одан әрі өсуіне және қалыптасуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдансын.
Аудандық мәслихат хатшысы Е. Қазбеков