Әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының № 6 қаулысы

Аршалы ауданында Қазақстан

Республикасының дене шынықтыру

мен спортты дамытудың 2025 жылға

дейінгі тұжырымдамасын іске асыру

жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15 - баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы К. С. Князовтың ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы К. С. Князовқа ұсынылсын:

- аудан халқының дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін. 

 

Комиссия төрайымы                                                               И. Слободянюк

Дата публикации
17 августа 2021