Әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының № 4 қаулысы

Аршалы ауданында сапалы мектепке

дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді

қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасында

білім беруді және ғылымды дамытудың

мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар

 жоспарын іске асыру туралы

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ басшысы М.Р.Молдахметовтың ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ басшысы М.Р.Молдахметовке ұсынылсын.

- білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту жөніндегі шараларды күшейту.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін..

 

 

Комиссия төрайымы                                                                   И. Слободянюк

Дата публикации
17 августа 2021