Әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысының № 3 қаулысы

Аршалы ауданындағы

қоғамдық-саяси жағдай туралы 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 14, 15 -баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ф.З. Накохованың «Аршалы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдай туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. Аршалы ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ф.З. Накоховаға халықты рухани-діни ағартуға, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға, толеранттылыққа тәрбиелеуге бағытталған ақпараттық-насихаттау жұмысын жалғастыру ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау депутаттық өкілеттілік, әдеп, жастар ісі, ұлтаралық қарым - қатынастар, тұрғындардың денсаулығын сақтау, білім беру, мәдениет, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комисси төрайымы                                                                             А. Глебова

Әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясы отырысының № 3 қаулысы
Дата публикации
24 мая 2021