БІРЛЕСКЕН ШЕШІМ МЕН ҚАУЛЫ Аршалы ауданының әкімдігі Аршалы кенті 2022 жыл 05 сәуір Қаулы № А-82 Аршалы аудандымәслихаты Аршалы кенті 2022 жыл 05 сәуір Шешім № 23/3 Аршалы ауданының елді мекендер мен көшелердің атауларын қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңының 12, 14 баптарына,  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы»  2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының  6 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Ақмола облыстық ономастикалық комиссиясына қарауға Аршалы ауданының елді мекендер мен көшелерді қайта атау бойынша ұсыныс енгізілсін.
    • Волгодонов ауылдық округі бойынша:
  • Волгодонов ауылдық округін Елтоқ  ауылдық  округіне;
  • «Волгодонов» ауылын «Елтоқ» ауылына;
  • Волгодоновка ауылындағы «Комсосомольская» көшесін «Жастар» көшесіне;
  • Волгодоновка ауылындағы «Центральная» көшесі «Орталық» көшесіне.

1.1Анар ауылдық округі бойынша:

  • «Донецкое» ауылы «Анаркөл» ауылына;
  • Анар стансасындағы Достық көшесін Мейрам Сүлейменов көшесіне.
    • Константиновка ауылдық округі бойныша:
  • Константиновка ауылындағы «Набережная» көшесі «Достық» көшесіне;
  • Константиновка ауылындағы «Заречная» көшесі «Наурыз» көшесіне;
  • Константиновка ауылындағы «Школьная» көшесі «Абай Құнанбайұлы» көшесіне.
  1. Осы бірлескен Аршалы ауданы әкімдігінің қаулысы және Аршалы аудандық мәслихатының шешімі Ақмола облыстық ономастикалық комиссиясына қарауға жіберілсін.

 

 

Аршалы ауданының әкімі                                               А. Байманов

 

 

Аудандық мәслихаттың хатшысы                                 Е. Қазбеков

 

 

 

 

БІРЛЕСКЕН ШЕШІМ МЕН ҚАУЛЫ Аршалы ауданының әкімдігі Аршалы кенті 2022 жыл 05 сәуір Қаулы № А-82 Аршалы аудандымәслихаты Аршалы кенті 2022 жыл 05 сәуір Шешім № 23/3 Аршалы ауданының елді мекендер мен көшелердің атауларын қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы
Дата публикации
05 апреля 2022