Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына сайлансын:

№ 150учаскелік сайлау комиссиясы

         Дюсекеев Гульсара Садуахасовна, 1978 жылы 24 қаңтарда туылған, Аршалы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Бұлақсай ауылдық кітапханасының кітапханашысы, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 151учаскелік сайлау комиссиясы

         Алибеков Есман Сабыржанович, 1962 жылы 20 сәуірде туылған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, «AMANAT» партиясы Аршалы аумақтық филиалынан;

         Кадырова Асемгуль Галимжановна, 1976 жылы 27 тамызда туылған, «Аршалы аудандық ауруханасы»ШЖҚ МКК Қостомар ауылы медициналық пунктінің медбикесі, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан;

        

 

         Карипова Зарина Кабыловна, 1987 жылы 31 қазанда туылған, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Қостомар ауылының негізгі орта мектебі» КММ қызметтік үй-жайларын жинаушысы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                  Е. Қазбеков

 

 

 

 

Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
18 марта 2022