Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспары

Аршалы аудандық мәслихатының

2021 жылғы 24 желтоқсандағы

№ 18/8 шешіміне қосымша

 

Аршалы аудандық мәслихатының

2022 жылға арналған

 перспективалық жұмыс жоспары

Сұрақтың мазм ұны

Өткізу мерзімі

1 тоқсан

1 Короновирустық инфекция пандемиясы жағдайында аудан халқын қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралар туралы.  Баяндамашы-Аршалы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.

Қаңтар-наурыз

2 тоқсан

1. 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы. Баяндамашы – «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.

Сәуір-маусым

2. Аршалы ауданының елді мекендерін газдандыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы. Баяндамашы – «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.

Сәуір-маусым

3 тоқсан

1.  Аудан әкімінің өзіне жүктелген функцияларды, міндеттерді орындауы және Аршалы ауданының одан әрі даму перспективалары туралы есебі. Баяндамашы-Аршалы ауданының әкімі.

Шілде-қыркүйек

2.  Ауданның коммуналдық шаруашылығын 2022-2023 жылдардағы қысқы кезеңде жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы. Баяндамашы – «Аршалы ауданының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.

Шілде-қыркүйек

4 тоқсан

1.  2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы. Баяндамашы «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.

         Желтоқсан

2.  Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы. Баяндамашы «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.

           Желтоқсан

 

Дата публикации
24 декабря 2021