Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті ХVIII сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті VХIII сессиясының күн тәртібі келесі мәселелермен, қамтылып бекітілсін:

1) 2022 - 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;

2) Аршалы ауданын басқару сызбасын бекіту туралы;

3)Аршалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №70/4 «Аршалы ауданының аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы;

5)Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 маусымдағы № 9/6  «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 28 мамырдағы № 56/4 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

7) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;

 

8) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясына арналған негізгі мәселелер туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихатының хатшысы                                                 Е. Қазбеков

 

Дата публикации
24 декабря 2021