Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8308 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 9 680 141,8 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 522 338,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 8 709,7 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 117 640,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 8 031 454,1 мың теңге;

2) шығындар – 9 951 026,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 153 831,7 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 210 024,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 192,3 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 39 500,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 39 500,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 464 216,8 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 464 216,8 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың хатшысы

 

Е. Казбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
03 декабря 2021