«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына сайлансын:
№ 128 учаскелік сайлау комиссиясы
Повисок Ирина Александровнаны, 1967 жылы 16 маусымда туған, «Промышленник» КСП(К) бухгалтері, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Аршалы аудандық филиалынан;
№ 132 учаскелік сайлау комиссиясы
Аитбанов Алиби Маханбетыяровичті, 1988 жылы 13 қарашада туған, «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ бас маманы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Ақмола облыстық филиалынан;
№ 146 учаскелік сайлау комиссиясы
Баталова Елена Владимировнаны, 1978 жылы 23 тамызда туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, «Nur Otan» партиясы Аршалы аудандық филиалынан;
№ 153 учаскелік сайлау комиссиясы
Кенжалиев Асылбек Камаловичті, 1991 жылы 13 шілдеде туған, «Волгодонов ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан;
Йылал Гульсара Маралтаевнаны, 1972 жылы 08 шілдеде туған, «Волгодонов ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;
№ 157 учаскелік сайлау комиссиясы
Акжанова Галия Темирбулатовнаны, 1979 жылы 03 сәуірде туған, «Бабатай станциясының негізгі орта мектебі» КММ мұғалімі, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан.
Аршалы аудандық мәслихат
хатшысының міндетін атқарушы И. Слободянюк