«Аршалы ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 4С-17-5 «Ақмола облысының құрметті азаматы (Көкшетау, Степногорск қалалары, ауданы)» атағын беру Ережелерін бекіту туралы» шешіміне, Аршалы ауданы әкімінің  2021 жылғы 18 қарашадағы № 03-09/И-706, № 03-09/И-707 ұсынымдарына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Аршалы ауданының құрметті азаматы» атағы келесі еңбек ардагерлерге берілсін:

 - Александр Эдуардович Дукартқа;

 - Владимир Махмудович Биджиевқа.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап өз күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихат

хатшысының міндетін атқарушы                                                И. Слободянюк

«Аршалы ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы
Дата публикации
24 ноября 2021