Ақмола облысы Аршалы ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 «Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 тіркелген) бұйрығына сәйкес Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы Аршалы ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихат

хатшысының міндетін атқарушы                                                И. Слободянюк

 

 

 

Ақмола облысы Аршалы ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы
Дата публикации
24 ноября 2021