Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 71/2 «Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Аршалы ауданы бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 қаңтардағы № 2/2 «Аршалы ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Ақмола облысы Аршалы ауданы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы;
5) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/7 «Аршалы ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
6) «Аршалы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы;
7) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
8) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 11 маусымдағы № 9/6 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы И. Слободянюк