Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ХІV кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 8 - бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ХІV кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне қатысты келесі сұрақтар қосылып бекітілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 71/2 «2021-2023 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 25/6 «Сот шешімімен Аршалы ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 7/4 «Ақмола облысы Аршалы ауданының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

 

 

 

 

Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ХІV кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
10 сентября 2021