Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Ғ.Қ. Ахметжановтың «2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылай отырып, аудандық мәслихат Аршалы ауданының тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жылу беру маусымына дайындығы бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Аршалы ауданы бойынша 87 қазандық қондырғысына, оның ішінде 34 - білім беру, 28 - денсаулық сақтау, 20-мәдениет объектілері бойынша және «Аршалы Су-2030» ШЖҚ МКК сенімгерлік басқаруындағы 5 қазандық қызмет көрсетеді.
Білім беру объектілерінің 34 қазандық қондырғылары «Аршалы жылу тарату компаниясы» ЖШС сенімгерлік басқаруға берілді.
Аршалы ауданы бойынша жылу беру маусымына көмірдің жылдық қажеттілігі 21 491 тоннаны құрайды, оның ішінде білім беру объектілеріне 10 545 тонна, мәдениет объектілеріне 1 020 тонна, денсаулық сақтау объектілеріне 441 тонна, көп қабатты тұрғын үйлерге 9 485 тонна.
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында облыстық бюджеттен 50 миллион теңге бөлінді.
Қазіргі уақытта ДЭУ қазандығының жылу трассасын қайта жаңарту жүргізілуде.
Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- қазандықтар мен жылыту жүйелерінің жоспарланған жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау, қысқы жағдайда үздіксіз жұмыс істеу үшін ең көп отын қорын құру;
- алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Е.Қазбеков