Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функцияларды, міндеттерді орындауы және ауданды одан әрі дамыту перспективалары есебі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес,  Аршалы ауданының әкімі Айдар Итемгенұлы Баймановтың  өзіне жүктелген функцияларды, міндеттерді орындауы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есепті баяндамасын тыңдап және талқылап, аудандық мәслихат есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша елеулі жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Ауданда әлеуметтік-экономикалық дамудың оң қарқыны сақталған. Өнеркәсіп, құрылыс саласындағы барлық негізгі көрсеткіштер асыра орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өсті, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің өсу қарқыны қамтамасыз етілді.

Аудан экономикасына 13,4 миллиард теңге инвестиция тартылып, тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі 1,3 миллиард теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5,5 миллиард теңгені құрады. 16,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

Ауданды индустриалды-инновациялық дамыту маңызды міндет болып табылады. Индустрияландыру бағдарламасы аясында төрт жоба жүзеге асырылуда, оларды іске асыру аудан экономикасына 26 миллиард теңге енгізуге мүмкіндік береді және 200-ден астам жұмыс орнын ашады.

Аудан тұрғындары үшін тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы мақсатта есепті кезеңде бірқатар маңызды іс-шаралар іске асырылды.

 

Ағымдағы жылы ауданның елді мекендерін газдандыру әлеуметтік маңызды жоба болып қала береді.

Ауданның 17 елді мекендері бойынша газ желілерін салу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік бағдарламаларды орындау және халықтың аз қамтылған топтарын қолдау басым болып қала береді.

Сонымен қатар, Аршалы ауданының елді мекендеріндегі жолдардың, тротуарлардың жай-күйіне, көшелерді жарықтандыруға, апатты қоқыс орындарын жоюға, Аршалы кентіндегі кәріз жүйесін сумен жабдықтауға және жұмыс істеуіне байланысты шешілмеген мәселелер бар.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы ауданының әкімі Айдар Итемгенұлы Баймановтың өзіне жүктелген функцияларды, міндеттерді орындауы және ауданды одан әрі дамыту перспективалары туралы есебі назарға алынсын.
  2. Аудан әкіміне, Аршалы кенті және ауылдық округ әкімдеріне, дербес атқарушы органдарға ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.

Инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту жөніндегі бірінші кезектегі мәселелерді шешуге, бюджет қаражатын игеру жөніндегі белгіленген міндеттерді барынша іске асыруға ерекше назар аударылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

 

 

 

 

 

                                                      

 

 

                                                        

Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функцияларды, міндеттерді орындауы және ауданды одан әрі дамыту перспективалары есебі туралы
Дата публикации
19 августа 2021