Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ХIII кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ХIII кезекті сессиясының күн тәртібіне қатысты келесі сұрақтар қосылып бекітілсін:

1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функцияларды, міндеттерді орындауы және ауданды одан әрі дамыту перспективалары есебі туралы;

2) 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 18 тамыздағы № 15/4 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы сәулет - қала құрылысының кеңесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

4) «Аршалы ауданының елді мекендерінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 14 наурыздағы № 13/7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының негізгі мәселесі туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

 

Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ХIII кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
19 августа 2021