Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ХІІ кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 8 - бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ХІІ кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне қатысты келесі сұрақтар қосылып бекітілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 71/2 «2021-2023 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 мамырдағы № 8/6 «Аршалы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасы туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

 

 

 

 

Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ХІІ кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
15 июля 2021