Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

Учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына сайлансын:

№ 139 учаскелік сайлау комиссиясы

Барков Сергей Дмитриевич, 1971 жылы 02 ақпанда туылған,  «Кнышов» шаруа қожалығының механизаторы, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Аршалы аудандық филиалынан;

 № 145 учаскелік сайлау комиссиясы

Шнур Ирина Анатольевна, 1982 жылы 02 сәуірде туылған, жеке кәсіпкер, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 150 учаскелік сайлау комиссиясы

Оросхан Ботагуль, 1978 жылы 13 маусымда туылған, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Бұлақсай ауылының Абай атындағы № 2 жалпы білім беретін мектебі» КММ бастауыш

 

сыныптарының мұғалімі, «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан»;

 

 

 № 152 учаскелік сайлау комиссиясы

Дамыс Тохсангүл, 1986 жылы 28 ақпанда  туылған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 152 учаскелік сайлау комиссиясы

Болат Дәйеш, 1989 жылы 25 мамырда туылған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, «Nur Otan» партиясының Аршалы аудандық филиалынан.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихаты 

сессиясының төрағасы                                                                          Е. Қазбеков

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

 

Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
11 июня 2021