Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8308 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 8 888 128,4 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 1 488 134,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 10 455,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 150 100,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 7 239 439,4 мың теңге;

2) шығындар – 9 168 713,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 131 955,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 188 147,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 192,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 29 800,0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 29 800,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 442 340,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 442 340,1 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарданбастапқолданысқаенгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                                          Е. Қазбеков

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

 

Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
11 июня 2021