Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ІХ кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 8 - бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ІХ кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне қатысты келесі сұрақтар қосылып бекітілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 70/2 «2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 35/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/6 «Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 1/7  «Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5) Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекіту туралы.

 

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Аудандық мәслихаты

сессиясының төрағасы                                                                          Е. Қазбеков

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

 

 

 

 

Жетінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ІХ кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы
Дата публикации
11 июня 2021