Аршалы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына, 2021 жылғы аудандық мәслихаттың перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясында негізгі мәселелер бекітілсін:

1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функцияларды, міндеттерді орындау және одан әрі дамыту перспективалары туралы есебі;

2) Аршалы ауданында сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық мәслихаты

сессиясының төрайымы                                                                     Г. Ахимова

 

Аудандық мәслихаттың

хатшысы                                                                                                  Е. Қазбеков

 

Аршалы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы
Дата публикации
24 мая 2021