Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Аршалы аудандық әкімдігінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № А-156 «Аршалы ауданы әкімдігне қарасты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды марапаттау бойынша комиссия құру туралы» қаулысына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Аршалы ауданы әкімдігіне қарасты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды марапаттау бойынша комиссияның дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Аршалы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 15 мамырдағы № 5/11 «Аршалы ауданы әкімдігіне қарасты қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды марапаттау бойынша комиссияның дербес құрамы бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы Г. Ахимова
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Е. Қазбеков