Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы»Заңына сәйкес, «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Т.В. Ниевинаның Аршалы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) орындалуы туралы ақпаратын тыңдап және талқылай отырып, Аршалы аудандық мәслихаты бағдарламаның аудан тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Бағдарлама Аршалы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 26 ақпандағы № 51/5 шешімімен бекітілген. Бағдарламада 15 мақсатқа және 31 нысаналы индикаторларға көзделген.
Бағдарламаны іске асыру ауданның 27 386 адам тұратын 32 ауылдық елді мекенінде жүзеге асырылды. Әкімшілік маңыздылығы бойынша 12 ауылдық және 1 кенттік округті құрайды.
Қолданыстағы нормативтерге сәйкес ауылдық елді мекендер білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектілерімен толық қамтамасыз етілген, электрлендірілген және телефондандырылған.
Аршалы ауданының аумақтарын дамыту жөніндегі іс-шаралар қолданыстағы мемлекеттік, салалық бағдарламалар және облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламалары шеңберінде, яғни білім беруді, денсаулық сақтауды дамыту бағдарламалары, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде іске асырылды. Жұмыспен қамтудың әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру қатар жүрді.
Бағдарламаны іске асыруға республикалық, жергілікті бюджеттердің қаражаты және басқа да көздер пайдаланылды.
2016-2020 жылдарға арналған жұмыс нәтижелері бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің мониторингі аудан
экономикасының базалық салалары үшін жыл қолайлы болғанын, жалпы жоспарлы көрсеткіштердің орындалу серпіні оң екенін көрсетті. Бағдарлама іс-шараларының басым бөлігі орындалды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша 18 нысаналы индикатор орындалды, 10 нысаналы индикатор орындалмады, орындауда 3 нысаналы индикатор бар.
Бірінші «Аудан экономикасын дамыту» бағыты бойынша 5 мақсат, 9 нысаналы индикатор қарастырылды, 5 нысаналы индикатор орындалды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс индексі жоспар бойынша 103,5 %, нақты орындалуы 92,8% құрады. Шығарылатын өнім көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 1907,7 миллион теңгеге азайды.
Екінші бағыт «Әлеуметтік сала» бойынша 6 мақсат, 13 нысаналы индикатор қарастырылған. 8 нысаналы индикатор орындалды, 3 және 2 нысаналы индикаторлар орындалмады.
Ауданның әлеуметтік дамуы бағытындағы негізгі жұмыс білім беру, денсаулық сақтау қызметтерінің сапасын арттыруға және халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру болды.
«Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша 1 мақсат, 3 нысаналы индикатор қарастырылған,2 нысаналы индикатор орындалды.
«Инфрақұрылым» бағдарламасының төртінші бағытының 2 мақсатын, 6 нысаналы индикаторларын іске асыру үшін 20 іс-шара орындалды. Ауданның инфрақұрылымдық дамуы бағытындағы негізгі жұмыс халықты қолжетімді тұрғын үймен, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен, сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру болды.
2016-2020 жылдар кезеңінде Бағдарламаның нысаналы индикаторларының жоспарлы мәндерінің орындалмауы объективті себептер бойынша қалыптасқанын, бұл ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі әсер етпегенін атап өткен жөн.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы Г. Ахимова
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Е. Қазбеков