Аудандық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган – Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімінің есебін тыңдап және талқылағаннан кейін, Аршалы аудандық мәслихаты атқарушы органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі меншікті кірістер жоспарын асыра орындау есебінен 101,8% - ға орындалды. 2020 жылы меншікті кірістер түсімі 1 880,0 миллион теңгені немесе жоспарға 109,9% - ды құрады. 2019 жылмен салыстырғанда салықтық түсімдер 428,9 миллион теңгеге, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 69,0 миллион теңгеге ұлғайды. Трансферттердің түсімдері 34,2 миллион теңге сомасына азайды.
Бюджеттің шығыс бөлігі 98,1% - ға орындалды. 2020 жылы игерілмеген қаражат сомасы 184,0 миллион теңгені құрады.
Әсіресе, игерілмеудің үлкен сомасына «Аршалы ауданының құрылыс бөлімі» ММ (163,2 миллион теңге), «Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ (6,1 миллион теңге), «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (14,6 миллион теңге) жол берді.
Ауданға республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттер толық көлемде игерілмеген.
2020 жылдың нәтижелері бойынша нысаналы трансферттердің игерілмеуі 166,3 мың теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен 164,3 миллион теңгені құрады
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен жылдың басымен салыстырғанда дебиторлық берешектің 12,8 миллион теңге сомасына азаюы және кредиторлық берешектің 72,3 миллион теңгеге ұлғаюы байқалады.
Аудан бюджетін атқару кезінде көрсетілген кемшіліктердің болуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан жұмыстың тиісінше ұйымдастырылмағанын айғақтайды.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 132-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) кірістер – 9 771 904,7 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1 567 538,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 11 040,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 301 379,6 мың теңге;
трансферттер түсімі - 7 891 946,1 мың теңге;
2) шығындар - 9 501 902,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 107 216,2 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 166 580,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 59 363,8 мың теңге;
4) Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 39 331,0 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу-39 331,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 123 454,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -123 454,6 мың теңге;
қарыздар түсімі - 249 414,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 50 114,7 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 322 753,9 мың теңге.
Анықтамалық:
қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары - 39 412,4 мың теңге.
есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары - 362 166,3 мың теңге.
- әлеуметтік - экономикалық мақсаттарға ең айрықша және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеуді және орындауды қамтамасыз ету;
- кірістер мен шығыстарды жоспарлау жүйесін жетілдіру, салықтық әкімшілендіруді жақсарту, бюджетке берешекті азайту және жою жөнінде шаралар қабылдау;
- бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың нәтижелерін жоспарлауға, негіздеуге және қол жеткізуге бақылауды, көзделген нысаналы индикаторларға, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысты күшейту;
- табысты жұмыс істейтін кәсіпорындар санын ұлғайта отырып, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерді пайдалану тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету.
Аудандық мәслихаты
сессиясының төрайымы Г. Ахимова
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Е. Қазбеков